Оферта шарты

Басты бетОферта шарты

ОФЕРТА ШАРТЫ

ақылы білім беру қызметтерін көрсету шартын жасау туралы

Астана қаласы 2025 жыл

«Білім Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 210740035477, Жарғы негізінде әрекет ететін Директоры Самарханов Дамир Қанатұлы, заңды мекен-жайы: Астана қ., Тұран даңғылы 7, офис-1 (бұдан әрі мәтін бойынша - «Орындаушы»), осы жария Офертамен кез келген жеке тұлғаға (бұдан әрі мәтін бойынша - «Тапсырыс беруші») кәмелетке толмаған Білім алушыға қатысты география пәні бойынша ҰБТ-ға даярлау бойынша өтеулі білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Оферта шартын (бұдан әрі мәтін бойынша - «Шарт» және/немесе «Оферта») жасасуды ұсынады.

Осы құжат ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға жария оферта болып табылады және ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың талаптарын қамтиды.

Осы құжат Орындаушының кез-келген адамдарға қатысты жасаған жария Офертасы болып табылады. Осы Оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-396 – бабының (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҚР АК") жария оферталарға қойылатын талаптардың барлық елеулі шарттарды қамтиды және осы оферта Орындаушының осы Офертада көрсетілген талаптарда шарт жасасуға ерік білдірген кез келген адамның еркін білдіреді.

ҚР АК 396-бабының 4-тармағына сәйкес тұлға осы Оферта-Шартта көрсетілген әрекеттерді толық не белгілі бір бөлігінде де жасаған кезде, осы Офертаны толық және сөзсіз акцеп жасаған болып есептеледі және осы мәтінде баяндалған шарт бойынша Орындаушы үшін Тапсырыс беруші болады, осы Офертаға акцеп жасау осы Оферта шартының мәтін бойынша төменде баяндалған талаптарға сәйкес шарт жасасуға тең. Тапсырыс берушінің осы Офертаға қол қоюы құжат мазмұнының құқықтық сипатына байланысты міндетті емес, өйткені ҚР АК 396 бабына сәйкес акцепт үшін осы Офертада көрсетілген Орындаушының қызметтеріне кейіннен толық немесе белгілі бір көлемде ақы төлей отырып, sms-хабарлама алған сәттен бастап 1 (бір) минут ішінде Тапсырыс берушінің Орындаушыдан алған арнайы кодты енгізуі түрінде әрекет ету жеткілікті.

Осы Офертаға ҚР АК-нің 395-396 баптарының күші жүреді.

Акцептант яғни Тапсырыс беруші осы Оферта-шарттың мәтінімен Орындаушының қызметтеріне ақы төлеу сәтіне дейін таныста, ал Орындаушының қызметтеріне ақы төлеу осы Оферта акцептін растайды және осы офертамен танысу, шарт жасасу және оның мазмұнын толық түсіну фактісі туралы куәландырады. Осы Офертада баяндалған Орындаушының қызметтеріне ақы төленген жағдайда осы Офертаның мәтіні елеусіз және құқықты теріс пайдалануға бағытталған болып табылады.

Орындаушының акциялар (арнайы ұсыныстар) бойынша ұсынатын қызметтерге қатысты ұсыныстармен Тапсырыс берушінің келесімі және толық акцептісі, ұсынылған қызметтер бойынша толық немесе ішінара төлемді жүзеге асыру болып табылады.

Осы Оферта мерзімсіз болып табылады және оны кез келген адам кез келген уақытта акцептілей алады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, осы Шарттың мәтінін мұқият оқыңыз және, егер сіз белгілі бір тармақпен келіспейтін болсаныз, Орындаушы сізге акцептіні жасайтын кез келген әрекеттерден бас тартуды ұсынады, және онымен қоса Орындаушы сізді келесі мәселе туралы ескертеді: егер де сіз Орындаушымен ұсынылған қызметтер бойынша толық немесе ішінара төлемді жасасаңыз, осы Оферта шартында баяндалған және көзделген барлық талаптармен келіскеніңізді растайсыз және Орындаушымен ақылы қызмет көрсету шартын жасасқан тұлға ретінде саналасыз.

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
    1. Осы Шарт бойынша Орындаушы өзіне осы Шарттың қолданылу кезеңінде және осы Шартта көзделген талаптарда Тапсырыс берушіге осы Шартқа №1 Қосымшасына сәйкес таңдалған тиісті пакет бойынша білім алушы үшін оқытуды ұйымдастыру немесе консультациялық қызметтер көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге міндеттеме алады, ал Тапсырыс беруші білім алушыға қатысты көрсетілетін Орындаушының қызметтерін қабылдауға және олардың құнын көзделген мөлшерде, тәртіппен және шарттарда төлеуге міндеттенеді.
    2. Осы Шартты жасасу арқылы, Тапсырыс беруші Орындаушыға Білім алушының заңды өкілі болып табылатынына және оның мәртебесі, барлық туындайтын құқықтары мен міндеттері бар өкілеттіктері қандай да бір Сот актісімен және/немесе заңды күші бар өзге де құжатпен шектелмейтініне кепілдік береді. Шарт тараптары Орындаушы осы Шартты Тапсырыс берушінің аталған кепілдігіне сүйене отырып жасағанын мойындайды.
    3. Тапсырыс беруші Білім алушылардың Орындаушының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіптік және өзге де талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
    4. Тапсырыс беруші Орындаушыға Тапсырыс берушінің және білім алушының дербес деректерін өңдеуге өз келісімін береді, сондай-ақ деректерін Тапсырыс беруші Шартқа байланысты Орындаушыға беретін тұлғалардың дербес деректерін өңдеуге келісімінің болуына кепілдік береді.
  1. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

2.1. Қызмет көрсету құны осы Шартқа №1 Қосымшасына сәйкес таңдалған тиісті сабақтардың пакеттері бойынша айқындалады.

2.2. Тапсырыс әрбір жеке пән үшін оқыту тәртібі әртүрлі болуы мүмкін екенін біледі, себебі әрбір жеке пән бойынша оқу Білім алушы/Тапсырыс беруші өзінің электрондық поштасы арқылы тіркелетін жеке платформада жүзеге асырылады.

2.3. Тапсырыс беруші комбо-курстар шеңберіндегі (1) Қазақстан тарихы сияқты пәндер бойынша қызметтер Орындаушы тартқан эксперт-мердігерлермен көрсетілетіндігімен келіседі.

2.4. Орындаушы осы Шарт бойынша Тапсырыс беруші Білім алушы үшін бекіткен пән/пәндер тізбесін білім беру қызметтерінің құнын төлеу сәтінде бос орындар болса бекітеді.

2.5. Көрсетілетін білім беру қызметтері үшін төлем оқу басталғанға дейін алдын ала төлем шарттарымен жүзеге асырылады. Төлем Білім алушылардың тиісті таңдаған пән (пакет) бойынша сабақтар санын оқытудың және игерудің барлық кезеңіне қолданылады.

  1. ОФЕРТАНЫ АКЦЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТ ЖАСАСУ

3.1. Тараптар осы Шартты жасасуды және ондағы талаптарды қабылдауды Тапсырыс беруші Білім алушының мүддесі үшін мынадай тәртіппен жүзеге асыратынына уағдаласты:

3.1.1. Орындаушының Тапсырыс берушіге осы Шарттың мәтінін жіберуі;

3.1.2. Тапсырыс берушіні осы шарттың мәтінімен таныстыру;

Осы Шартты жасасуға арналған Офертаның акцепті Тапсырыс берушінің таңдаған пакетіне сәйкес Орындаушы көрсететін қызметтер үшін Тапсырыс берушінің төлем жасауы болып табылады.

  1. ШАРТТЫ БҰЗУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

4.1. Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін және ол жазбаша нысанда және/немесе Тараптардың бірінің бастамасы бойынша осы Шартта көрсетілген тәртіппен және талаптарда білдірілуі тиіс.

4.2. Білім алушы топқа қосылғаннан кейін және оқыту басталғаннан кейін Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс беруші төлеген соманың 30% ұстап қалып, төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүргізеді.

4.3. Білім алушы топқа қосылғанға дейін және оқыту басталғанға дейін Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс беруші төлеген соманың 10% ұстап қалып, төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүргізеді.

4.4. Осы Шарттың 4.2 және 4.3. тармақтары Тапсырыс беруші Орындаушы көрсететін қызметтер үшін төлем жасаған сәттен бастап күнтізбелік 14 күн өткенге дейін ғана өз күшін сақтайды.

4.5. Орындаушының осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде біржақты тәртіппен өзі және/немесе оның қызметкерлері білім алушыға тәртіпті және/немесе Орындаушының өзге де ішкі қағидаларын бұзғаны үшін 3-тен астам ескерту жіберген жағдайда Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте, көрсетілген жағдайда оқытушы бейне сабақтарға қолжетімділікті сақтай отырып, кураторлық қолдаусыз, топтарсыз және тікелей эфирлерсіз курстан шығарылады және Орындаушыға ақшалай қаражат қайтарылмайды.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

5.1. Шартта реттелмеген барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

5.2. Соттың осы Шарттың қандай да бір ережесін жарамсыз немесе мәжбүрлеп орындауға жатпайтын деп тануы Шарттың өзге ережелерінің жарамсыздығына немесе орындалмайтындығына әкеп соқпайды.

5.3. Жоғарыда көрсетілгендерге қайшы келмей, егер мұндай бұзушылық еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларының әсерінен туындаса, Орындаушы Шарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтан босатылады, оның ішінде: мемлекеттік билік органдарының әрекеттері (оның ішінде. құқықтық актілерді қабылдау), өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, басқа да табиғи апаттар, электр энергиясының болмауы және / немесе компьютерлік желінің істен шығуы, ереуілдер, азаматтық толқулар, тәртіпсіздіктер, пандемиялар мен эпидемиялар, мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының Тараптар аумағында және тараптар аумағында коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты шектеу шараларын жүргізуі, оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жұмыс істемейтін күндерді енгізу, елді мекендер арасындағы шекараларды жабу, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендермен шектелмей кез келген өзге мән-жайлар, Орындаушының Шартты орындауына әсер етуі мүмкін, бірақ күтпеген болып табылады және Орындаушының алдын алуға болмайды.

5.4. Осы Шарт бойынша барлық даулар "Астана төрелігі"төрелігінде түпкілікті қаралуға және шешілуге жатады.

Орындаушы:

"Білім Consulting" ЖШС

БСН: 210740035477

Мекен-жайы: Астана қ., Тұран даңғылы 7, 1 кеңсе

Шот нөмірі: KZ32722S000009235412

Банк: "Kaspi Bank"АҚ

БИК: CASPKZKA

Валюта: қазақстандық теңге

E-mail: samarkhanov.damir@gmail.com

Директор Самарханов Д. Қ.

№1 Қосымша

ақылы білім беру қызметтерін көрсету шартын жасау туралы

ОФЕРТА ШАРТЫНА


География пакеттері бойынша ақпарат

База

Стандарт

VIP

Бағасы: 189 000 тг

Бағасы: 229 000 тг

Бағасы: 300 000 тг

-1 жылдық оқу (4 этап)

-FM Online платформасы

-70 видеосабақ

-7 модуль

-2000 тест тапсырмалары

-70 тақырыптық quizz ойындары

-Нұсқа талдау сабақтары

-Практикалық эфирлер

-Кураторлық жұмыс

-Жұптық жұмыс

-Қосымша эфирлер

-Ішкі грант конкурсы

-ЖОО-лармен тікелей эфирлер

Базалық пакет мүмкіндіктері ЖӘНЕ:

- 2 математикалық сауаттылық курсы

- 2 оқу сауаттылық курсы

-Soft skill видеосабақтар (6 видеосабақ)

-Карта жаттау курсы (3 видеосабақ)

-Географиялық есептер(5 видеосабақ)

-Материктер курсы (12 видеосабақ)

-География бойынша 12 чек-лист (дайындықты күшейту)

- Профориентация курсы(11 сабақ)
- 2 ҰБТ-ға психологиялық курс (20 видеосабақ)
- Тиімділік бойынша курс(5 видеосабақ)

- Геоесептер курсы(5 видеосабақ)
- Географиялық карта 3D курсы(6 видеосабақ)
- Географиялық С деңгейлі сұрақтар курсы
– GeoBOX

Стандарт пакет мүмкіндіктері ЖӘНЕ:
-
3 айлық Қазақстан тарихы курсы
- Авторлық кітаптар
- GeoBOX


ЖБ40 курстары


ЖБ пакеттері бойынша ақпарат

ЖБ40

ЖБ40+

ЖБ50

Бағасы: 55 000 тг

Бағасы: 64 000 тг

Бағасы: 69 000 тг

-6 апталық экспресс курс

- 40 видеосабақ
- Доступ 5 шілдеге дейін
- Трекермен жұмыс
- Бекіту тесттері
- Университеттермен эфирлер
- Тақырыптық тесттер
- Тақырыптық Quiz ойындары

ЖБ40 пакетінің мүмкіндіктері және:

- Доступ 5 шілдеге дейін
- Карта бойынша курстар(8 видеосабақ)
Ішкі грант конкурсына қатысу мүмкіндігі(Сәуір)
- Нұсқа талдау курсы 2022(15 нұсқа)
- Нұсқа талдау курсы 2023(15 нұсқа)
- Нұсқа талдау курсы 2024(15 нұсқа)
- Математикалық сауаттылық курсы (25 видеосабақ)
- Оқу сауаттылық курсы(5 видеосабақ)

ЖБ40+ пакетінің мүмкіндіктері және:

- 60 видеосабақ

- Доступ 5 шілдеге дейін
- Қайталау айы эфирлеріне қатысу мүмкіндігі
- Географиялық есептер курсы
- Географиялық 3D карта курсы
- Жабық телеграм канал


Оферта шарты | FM Online